$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.08.2020, 16:32
Оқиғалар

Алматы облысында ұмытшақ ауруына шалдыққан қария жоғалып кетті

Мекенжайын ұмытып қалған қария аман-есен Талғар қаласынан табылған

Алматы облысында ұмытшақ ауруына шалдыққан қария жоғалып кетті
Фото: ашық дереккөзден

79 жастағы Есік қаласының тұрғыны ұмытшақ ауруына шалдыққан екен. Серуендеуге шыққан қария осы уақытқа дейін көше кезіп жүрген. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды. 

«Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласындағы саяжайлардың бірінде тұратын 83 жастағы қарт ана туған бауырының хабар-ошарсыз кеткені туралы полицияға арызданды. Әжей оның отбасы жоқ екенін және ұзақ уақыттан бері бірге тұратынын айтты. Ол 22 шілде күні түстен кейін үйден серуендеуге шығып, содан оралмаған. Владимир ұмытшақ ауруына шалдыққан. Інісінің денсаулығына алаңдаған қарт ана оның ұзақ уақыттан бері үйге оралмауының басты себебі – тұрғылықты жерін ұмытып қалуы мүмкін екенін айтады», – деді Еңбекшіқазақ аудандық Полиция басқармасының бастығы Талғат Сейілханов.

Жоғалған қария аман-есен Талғар қаласынан табылған.

«Іздестіру үшін полиция басқармасы қызметкерлері қатарынан жедел-тергеу тобы құрылды. Қарияның жоғалғаны туралы хабар кеш түскеніне қарамастан, із-түзсіз жоғалған азаматты 4 тамыз күні таңертең Талғар қаласынан таптық. 79 жастағы Владимир үйінен кеткелі бері тұратын жері мен тұрақты тамағы жоқ болғандықтан, қаңғыбастыққа салынған. Ең бастысы, аман-есен және сау күйінде жақындарына табысталды», – деді Сейілханов.

Серіктес жаңалықтары