Мас күйде қоғамдық орынның тыныштығын бұзған ер адамдар сотталады
Бүгін әлеуметтік желіде Павлодар қаласынан қорқынышты видео тарады: көріп отырғанымыздай, бірнеше ер адам қаладағы жылы аялдаманың ішіне кіріп, төбелесіп, бір-бірімен күресіп, жан-жағын ластаған. Azattyq Rýhy редакциясы Павлодар облысының полиция департаменті ер адамдарды ұсталғанын мәлімдеді.
«Бұл видеодағы ер адамдардың жеке басы анықталды. Полиция оларды Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына апарды. Тексеруден кейін полиция оларға ұсақ бұзақылық жасағаны үшін және қоғамдық орында алкогольді ішімдік ішкені үшін хаттама толтырды. Іс матерталдары сотқа кетті», - деп хабарлайды Павлодар облысының полиция департаменті.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін біз Астанадағы аялдама маңында ер адам бойжеткенге шабуыл жасағанын жазған едік.