17.09.2026, 14:48
Оқиғалар
«Хирургтің дипломы болмаған»: Шымкентте блефаропластика жасатқан әйелдің бір көзі көрмей қалды
Хирург бір жарым жылға сотталып кетті
Фото: istockphoto.com
Шымкентте бір әйелге блефаропластика жасатып, оны бір көзінен айырған хирург 1,6 жылға сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы қалалық прокуратура хабарлады. Дереккөзге сүйенсек, операция жасаған хирургтің тиісті дипломы және лицензиясы болмаған.
«Сот оны Қылмыстық кодекстің 322-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 1 жыл 6 айға соттады. Сондай-ақ 3 жыл мерзімге медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысу құқығынан айырылды», - деп хабарлайды прокуратура.
Өкінішке қарай, қабағына қатпар салғысы келген әйелдің бір көзі мүлде көрмей қалған.
Көп оқылған
01.11.2026, 06:38
Вакцинасы жоқ қауіпті вирус: Конгода әлемді алаңдатқан індеттен 5 мыңнан астам адам қайтыс болды
01.11.2026, 07:19
Қазақстанда 1 қарашаға дауылды ескерту жарияланды: үсік, қар және қатты жел күтіледі
01.11.2026, 11:05
Көлігіне бейәдеп сөз жазған Астана тұрғыны 10 тәулікке қамауға алынды
01.11.2026, 08:29
Астанада мектептегі жиналыстан кейін мұғалім ауруханаға түсті
01.11.2026, 10:02
Мемлекет басшысы Алжир президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды