Жаңаөзенде оңтүстік өңірлерден келіп тәнін сатқан 16 жезөкше ұсталды
Олардың ең кішісі 21-де болса, үлкені – 42 жаста
Жаңаөзен полицейлері қаладағы моншалар мен сауналарға рейд жүргізіп, бірнеше жезөкшені ұстады, деп хабарлайды Lada.kz.
4 тамыз күні түнгі сағат 23:20-да теміржол вокзалы маңындағы саунаға кіріп келген полицейлер жеңіл жүрісті 7 қыз бен сауна қызметкерін ұстады. Ал, сағат 23:40-та Шаңырақ шағынауданында тәртіп сақшылары тағы бір саунаның жұмысын тоқтатты. Бұл жерде клиенттерге 6 жезөкше қызмет көрсеткен.
5 тамыз күні сағат 02:00-де Астана шағынауданында орналасқан «Рахат» саунасына келген полицейлер бұл жерден де 3 қызды бөлімшеге алып кетті.
Полиция департаментінің басшысы Жанарбек Бақтыбаевтың айтуынша, ұсталған қыздардың бәрі еліміздің оңтүстік өңірлерінен және Өзбекстаннан келген. Олар жезөкшелікпен айналысқан.
Жеңіл жүрісті қыздардың ең жасы 21-де болса, ең үлкені – 42 жаста. Оларға полиция айыппұл жазып, тіркеуге қойды.