16.09.2026, 22:09
Оқиғалар
Астанада BMW жүргізушісі дрифт жасаймын деп бағанаға соғылды (ВИДЕО)
Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Фото: Видеодан скрин
Астанада BMW жүргізушісі түнде дрифт жасаймын деп бағанаға соғылды. Жүргізушінің кім екені анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желідегі видеоға назар аударсақ, оқиға «Барыс Арена» маңында болған.
Агенттік тілшісі жағдайға қатысты Астана қаласының Полиция департаментіне сауал жолдады. Белгілі болғандай, жол-көлік оқиғасы 15 қыркүйек күні сағат 03:00 шамасында Тұран даңғылы, 57 мекенжайында болған.
«BMW автокөлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, көшені жарықтандыру бағанасына соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Көлік коммуналдық тұраққа қойылды», – деп хабарлады полиция.
Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Көп оқылған
01.11.2026, 06:38
Вакцинасы жоқ қауіпті вирус: Конгода әлемді алаңдатқан індеттен 5 мыңнан астам адам қайтыс болды
01.11.2026, 07:19
Қазақстанда 1 қарашаға дауылды ескерту жарияланды: үсік, қар және қатты жел күтіледі
01.11.2026, 11:05
Көлігіне бейәдеп сөз жазған Астана тұрғыны 10 тәулікке қамауға алынды
01.11.2026, 08:29
Астанада мектептегі жиналыстан кейін мұғалім ауруханаға түсті
01.11.2026, 10:02
Мемлекет басшысы Алжир президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
01.11.2026, 16:06
Иран АҚШ-пен келіссөз жүргізу үшін жеті шарт қойды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды