Ол төбеліс жатқан жігіттерге қарай бір рет оқ атқан
Астана қаласында төбелес кезінде бір топ жігітке оқ атқан жігіт бес жылға сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Жігіт әуеге қарай екі рет, ал адамдарға оқтала тұрып, бір рет оқ атқан.
«Төбелескен жігіттер қашып кеткен, соның арқасында оқ тимеген», - деп хабарлайды Астана прокуратурасы.
Прокурорлар жігіттің әрекеті қоғам үшін өте қауіпті болғанын, сондықтан, оған қатаң жаза қолдану керек деген талап қойған.
Тараптардың уәжін тыңдай отырып, сот жігітті бес жылға соттаған.