Қосшыда дүкеншіні боқтаған ер адам 15 күнге темір торға қамалды (ВИДЕО)

Автор: Алмас Ерсін

Оқиға 12 қыркүйек күні күндізгі уақытта болған

Фото: Видеодан скрин

Ақмола облысында күндізгі уақытта дүкенге кіріп, бейәдеп сөйлеген ер адам 15 күнге темір торға қамалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға 12 қыркүйек күні күндізгі уақытта болған. Косшы қаласының полициясына сауда үйінде ішіп алған ер адамның шу шығарғаны жөнінде хабарлама түскен.

Полиция қызметкерлері ер адамды қолға түсіріп, полиция бөлімшесіне жеткізді. Оның БҚО Сырым ауданының 34 жастағы тумасы Асылбек Аржаев екені анықталды.

«Ол заң аясында әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулік мерзімге қамауға алынды. Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті қатаң сақтауға шақырады. Қоғамдық тәртіпті бұзу заң аясында тиісті жауапкершілікке әкеп соғады», - делінген хабарламада.