Оның денесі оқиға болған жерден шамамен 800 метр қашықтықтан табылды
Өскеменде Ертіс өзеніне секіріп кеткен ер адамның мәйіті екі аптадан аса уақыттан соң табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ШҚО ТЖД құтқарушылары 12 қыркүйекте Өскемен қаласында көпірден секіріп кеткен ер адамның денесін тапты.
Ведомствоның мәліметінше, 1991 жылы туған ер адам 27 тамызда Ертіс өзенінің үстіндегі көпірден секірген. Оның денесі оқиға болған жерден шамамен 800 метр қашықтықтан табылды.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Айта кетейік, осыған дейін Өскеменде ер адамның Ертіс өзеніндегі көпірден секіріп кеткені хабарланған болатын.