Жамбыл облысында бозбала анаша шеккені үшін қамауға алынды

Автор: Асыл Арман

Бозбала кінәсін толық мойындап, есірткі қолданғанын растады

Фото: istockphoto.com

Жамбыл облысында медициналық тексеріс кезінде ағзасынан есірткі анықталған жасөспірімге айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық соттың мәліметінше, биыл шілде айында жасөспірімнің ағзасынан каннабиноидтардың метаболиттері анықталған. Оның кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, тараптардың түсініктемелерімен және медициналық куәландыру қорытындысымен дәлелденді.

17 жастағы бозбала кінәсін толық мойындап, есірткі қолданғанын растады.

«Осыған байланысты сот жасөспірімге 10 АЕК, яғни 43 250 теңге көлемінде айыппұл салды. Сот қаулысы заңды күшіне енді», – делінген хабарламада.