Төрт жыл мал баққан кезінде ол 34 адамның малын ысырап еткен
Ақмола облысының Зеренді ауданында 34 адамның 150 бас жылқысы мен 10 бас ұсақ малын жоқ қылған шылқышы 3 жыл 6 айға сотталды, деп хабарлайды
Соттың баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, малшы 2021-2025 жылдары 34 адамнан ақша алып, малын бағып беруге келіскен. Ауызша келісім негізінде малшы халықтың жылқысын жоғалтпай, сатпай, керісінше төлдетіп беру керек болған. Сот бұл қарым-қатынасты «өзіне сеніп тапсырған мүлікке материалды тұрғыда жауапты болды» деп сипаттаған.
«Алайда, 2021 жылдан 2025 жылға дейінгі аралықта малшының қылмыстық әрекетінің салдарынан 34 азаматқа тиесілі 150 бас мал (бие, тай, айғыр, құлын мен он бас ұсақ мал) ысырап болған. Жылқылардың жоғалып жатқанын жасыру үшін малшы біреудің малын біреуге айырбастап отырған», - деп хабарлайды Ақмола облысының соттары.
Бұдан басқа малшы алаяқтық бабы бойынша да сотталған. Өйткені, соттың дерегіне сүйенсек, ол осы бір үйір биеге айғыр сатып аламын деген сылтаумен биесі бар азаматтардан да ақша жинап алған екен. Ақырында, ол ақшаны жеке пайдасына жұмсап, айғыр да алмаған.
«Сотта мал иелері малшыға уақытында жалақысын төлеп отырғанын дәлелдеді. Малшы ақша алғанын, малға ие болатынын айтып, қолхат жазып беріп отырған. Осы және беттесудегі хаттама қылмыстың істің дәлелі болып саналды», - деп хабарлайды сот.
Осылайша судья малшыны «өзіне сеніп тапсырған мүлікті ысырап етті» және «алаяқтық» жасады деген баптар бойынша кінәлі деп тауып, 3 жарым жылға соттады. Және мал иелеріне 70 млн теңге өндіріп беругі міндетті.
Естеріңізге сала кетейік, биыл жазда Ақтөбедегі кәсіпкер мен малшының арасындағы дау үлкен резонанс тудырған еді. Отыз жыл кәсіпкердің жылқысын баққан ер адам бірнеше рет оның малын көп көлемде жоғалтып, сатып отырған. Сотта оның өзге сыбайластары сотталып, ол рақымшылықпен сот залынан босап шыққан еді.
Жылқышының видеосы әлеуметтік желіге таралған соң халық кәсіпкерді айыптап, отыз жыл малын баққан азаматқа қиянат жасады деген. Кейін кәсіпкер бейнеүндеу арқылы істің мән-жайын түсіндірген.