ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 78 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

СҚО-да танысын қорқытып ақша алған 2 азамат ұсталды

Бұрын сотты болған екі азамат тергеу изоляторына қамалды

Фото: polisia.kz

СҚО ПД Криминалдық полиция бақармасының қызметкерлері бұрын бірнеше рет сотты болған, 1982 және 1989 жылдары туған екі тұрғынды Жамбыл және Попов көшелерінің қиылысында ұстады. Оларды ұстауға Петропавл қаласы тұрғынының қорқытып ақша алу фактісі бойынша полицияға жасаған шағымы себеп болған. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды. 

Жәбірленушінің айтуынша, таныстары тарапынан қорқытып ақша алу желтоқсан айында басталған. Олар шұғыл 150 мың теңге талап еткенде, ер адам СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасына жүгінген.

Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 2-бөлігі (“Қорқытып алу”) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Ұсталған азаматтар тергеу изоляторына қамалды.

Жыл басынан СҚО аумағында қорқытып алу бойынша үш факт тіркелген, оның бірі сотқа жолданды.