Тағы жеті адам құтқарылған
Жыл басынан бері жеті адам Каспий теңізіне батып көз жұмды, деп хабарлайды lada.kz.
«Суға батып кету жағдайларының негізгі себебі – судағы қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін сақтамау. Атап айтқанда, тыйым салынған және жабдықталмаған жерлерде шомылу, мас күйде суға түсу, сондай-ақ балаларды қараусыз қалдыру», - деп атап өтті Маңғыстау облыстық ТЖД бөлім басшысы Ратбек Демеуберген.
Құтарушылардың ұдайы ескертулеріне қарамастан, маңғыстаулықтар судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамайды. Жыл басынан бері 7 адам суға батып көз жұмса, тағы жетеуі құтқарылған.
Ратбек Демеуберген Каспий жағасындағы алты жерде жүзуге тыйым салынғанын және 38 аймақта рұқсат етілгенін айтты.