05.08.2020, 13:44
Оқиғалар
Тараз тұрғынын қатыгездікпен өлтірген күдікті ұсталды
Қаза тапқан ер адамның жасы 29-да болған
Полицейлер Таразда аса ауыр қылмыс жасаған қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
26 шілде күні сағат 02.10-да Тараз қаласының №1 қалалық ауруханасына 29 жастағы ер адам келіп түсті. Белгілі болғандай, жанжал туындаған кезде бейтаныс адам өткір затты пайдаланып, жәбірленушінің кеудесіне соққы жасаған.
Тараз қалалық полиция басқармасының № 2 полиция бөлімінің қызметкерлері күдікті ретінде 34 жастағы тұрғынды ұстады. ПД бастығының орынбасары Темірбек Оразымбетовтың айтуынша, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Көп оқылған
04.11.2026, 17:54
Қуандық пен Сағындық: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Қозыке әулетінің құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:09
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
Бүгін, 02:13
Қыздарына барып келе жатқан: ерлі-зайыпты Астана – Петропавл тас жолында жол апатынан қаза тапты
04.11.2026, 15:24
«Полиция формасын хэллоуинге теңеген»: әйел адам әзілдемеймін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:32
Қайғылы жағдай: Текеліде 11 жастағы қыз баланы экскаватор басып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды