08.09.2026, 06:23
Оқиғалар
Алматы облысында КамАЗ-бен болған жол апатынан кейін әйел көлікте қысылып қалды
Құтқарушылар әйелді арнайы құралдардың көмегімен көлік салонынан шығарды
Фото: istockphoto.com
Алматы облысында жүк көлігімен болған жол апатынан кейін жеңіл көліктің салонында қысылып қалған әйелді құтқарушыларға арнайы құралдардың көмегімен шығаруға тура келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, жол апаты Қарасай ауданының Елтай ауылында болған. Жеңіл көлік пен КамАЗ соқтығысқан. Салдарынан әйел зақымданған көліктен өздігінен шыға алмай қалған.
«Оқиға орнына ТЖМ-нің «Барыс» республикалық құтқару қызметінің мамандары келді. Олар арнайы авариялық-құтқару құралдарының көмегімен зардап шеккен әйелді көлік салонынан шығарды», – деп хабарлады ТЖМ.
Әйел жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.
Көп оқылған
01.11.2026, 06:38
Вакцинасы жоқ қауіпті вирус: Конгода әлемді алаңдатқан індеттен 5 мыңнан астам адам қайтыс болды
01.11.2026, 07:19
Қазақстанда 1 қарашаға дауылды ескерту жарияланды: үсік, қар және қатты жел күтіледі
01.11.2026, 11:05
Көлігіне бейәдеп сөз жазған Астана тұрғыны 10 тәулікке қамауға алынды
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
01.11.2026, 08:29
Астанада мектептегі жиналыстан кейін мұғалім ауруханаға түсті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды