Алматы облысында Chevrolet екі қарт адамды қағып, мерт қылды

Автор: Алмас Ерсін

Екі жаяу жүргінші де алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды

Скриншот видео t.me/zhest_kz_official

Алматы облысында көлік қағып кеткен екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жол апаты 6 қыркүйекте Алматы – Өскемен тасжолының 18-шақырымында болған.

«Chevrolet Cobalt көлігінің 37 жастағы жүргізушісі жолдың белгіленбеген жерінен өтіп бара жатқан екі қарт адамды қағып кетті. Алған жарақаттарының салдарынан екі жаяу жүргінші де оқиға орнында көз жұмды», – деп хабарлады Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта тергеушілер жол апатының барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті шараларды жүргізіп жатыр. Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.