Жолаушының денсаулығы пойызға отыру кезінде күрт нашарлаған
3 қыркүйекте Маңғыстау станциясында жолаушының қайтыс болуына байланысты Маңғыстау – Орал бағытындағы №613 пойыз кешігіп шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz-ке сілтеме жасап.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ мәліметінше, пойызға отыру кезінде жолаушының денсаулығы күрт нашарлаған.
«Оқиға туралы вокзал кезекшісі мен желілік полиция қызметкерлеріне дереу хабарланды. Оқиға орнына жедел медициналық жәрдем бригадасы шақырылды. Өкінішке қарай, келген медицина қызметкерлері жолаушының қайтыс болғанын тіркеді», – деп мәлімдеді компания.
Маңғыстау станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері қажетті процессуалдық шараларды жүргізді. Оқиғаға байланысты пойыз вокзалдан кешігіп аттанды.