06.09.2026, 08:31
Оқиғалар
Алматыда үш ер адам азық-түлік дүкенінде төбелес шығарды
Төбелес кезінде бір адамның кеуде тұсына үшкір затпен соққы жасалған
Фото: istockphoto.com
Алматының Түрксіб ауданындағы азық-түлік дүкенінде жанжал төбелеске ұласып, салдарынан бір адам зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жанжал ағайынды екі жігіт пен шағын азық-түлік дүкенінің қызметкері арасында болған.
Төбелес кезінде қатысушылардың бірінің кеуде тұсына үшкір затпен соққы жасалған. Зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді.
Учаскелік инспектор жанжалға қатысушыларды ұстап, полиция бөлімшесіне жеткізді.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Жанжалға қатысқан әр адамның әрекеті мен рөліне құқықтық баға беріледі.
Көп оқылған
22.10.2026, 17:03
«Жауыма да тілемеймін»: Дана Нұржігіттің ұлы өгей әкесінен көрген қорлығы жайлы айтты (ВИДЕО)
22.10.2026, 12:01
Жүздеген ақбөкенді өлтіріп, мүйізін Қытайға сатпақ болған: ҰҚК сұмдық мәліметті жария етті
22.10.2026, 16:24
«Мына нанды жеп қойсаң, сеспей қатып өлесің»: «Бурабай» шипажайы тегін емделіп жатқан қарияларға көгерген нан берген (ФОТО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды