Қарағандыда жеңіл көлік автобуспен соқтығысып, жолаушы қаза тапты

Апат салдарынан 36 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды

Қарағандыда жеңіл көлік автобуспен соқтығысып, жолаушы қаза тапты
видеодан скрин

Қарағандыда Chevrolet Cobalt автокөлігі мен Yutong жолаушылар автобусының қатысуымен адам өліміне әкелген жол апаты болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға бүгін, 6 қыркүйекте шамамен сағат 07:30-да К. Маркс көшесінде болған. Куәгерлер оқиға орнында түсірілген кадрларды әлеуметтік желіде жариялады.

Қарағанды облысының полициясы хабарлағандай, жол апаты салдарынан Chevrolet Cobalt көлігінің 36 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан Chevrolet Cobalt автокөлігінің 36 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр», – деп мәлімдеді полиция департаменті.