06.09.2026, 23:33
Оқиғалар
Қостанайда теміржолда жасөспірімді тоқ соғып, денесінің 70%-ын күйік шалды
Жасөспірім ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр
Фото: istockphoto.com
Қостанайда 13 жастағы жасөспірім ауыр электр жарақатын алды. Оның қазіргі жағдайы туралы ақпаратты облыстық денсаулық сақтау басқармасы растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «ТоболИнфо» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, жасөспірімдер Қостанайға Рудный қаласынан келген. Балалардың бірін әуежай маңындағы локомотив депосының аумағында ток соққан. Оның денесін ауыр күйік шалып, зақымданған аумақ шамамен 70%-ды құрады.
Қостанай облысының денсаулық сақтау басқармасы баланың жағдайы ауыр екенін растады.
«Бала жансақтау бөлімінде жатыр. Қажетті ем қабылдап жатыр. Қазіргі уақытта қан компоненттерін құюды қажет етпейді», – деп мәлімдеді Қостанай облысының денсаулық сақтау басқармасы.
Көп оқылған
05.09.2026, 06:33
Әкім орынбасары мен тағы 9 қазақстандық шенеунік прокуратура тексерісінен кейін жазаланды
05.09.2026, 23:19
Динара Сәтжан Астанада ұлына дүркіретіп той жасады (ВИДЕО)
05.09.2026, 08:29
Маңғыстауда пойызға отыру кезінде жолаушы қайтыс болды
05.09.2026, 21:23
Айдана Құмартаева Оңтүстік Кореядағы таеквондодан Гран-при турнирінде қола жүлде жеңіп алды
05.09.2026, 16:05
СҚО-да зейнеткер 89 жастағы анасын балталап өлтірген
05.09.2026, 22:29
Непалдағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1300-ден асты