Әткеншекке таласып, бір-бірін ұрып жыққан: Астанада екі әйелді полиция ұстады (ВИДЕО)

Автор: Темірхан Айжан

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған 

Фото: скриншот

Астанада балалар алаңында әйелдер әткеншекке таласып, төбелесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан қолдарына бала ұстаған екі әйелдің бір-бірін шапалақпен ұрып жатқанын көруге болады. Тіпті әйелдердің бірі баланың бетінен ұрып жіберген.

Қалалық полицияның мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Оқиғаға қатысушылардың барлығы ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Анықталғандай, балалар алаңындағы жанжал әткеншекке кезекке тұру мәселесінен туындаған. Соның салдарынан екі әйел бір-біріне дене жарақатын салған», – делінген полиция хабарламасында.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тараптардың әрекетіне құқықтық баға беріледі.