$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.08.2020, 16:17
Оқиғалар

Жүргізуші бір жасар баланы қағып кетті: сәби жедел жәрдемде қайтыс болды

Оқиға Сарышаған станциясында болған

Жүргізуші бір жасар баланы қағып кетті: сәби жедел жәрдемде қайтыс болды

Бұл туралы Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

4 тамыз күні Приозерск қаласының полиция бөліміне сағат 12.00 шамасында Сарышаған станциясында жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан бала жарақат алды деген хабар келіп түскен. 

Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері жол-көлік апаты жеке үйдің ауласында болғанын анықтады. Мұнда 31 жастағы ер адам Mitsubishi PaJero автокөлігін жүргізіп келе жатып, 1 жастан асқан баланы қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бала түрлі ауырлықтағы жарақат алып, Приозерск қаласының ауруханасына жетпей, жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. 

Айта кетерлігі, жол-көлік оқиғасына кінәлі адам баланың туысы екені белгілі болды. Аталған оқиғаға ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігінде көзделген «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу» қылмыстық құқықбұзушылық бабы бойынша тергеу амалдары басталды. 

Серіктес жаңалықтары