Жұмыс берушілер жазатайым оқиға туралы хабарламай қойған
Қостанай облысында 2024-2025 жылдары және 2026 жылдың алты айында 26 адам жұмыс орнында жарақат алған. Оның ішінде, 16 адам өмірден озған. Жағдайдың осындай ауыр екеніне қарамастан, 16 адамның өмірін қиған өндірістегі жазатайым оқиғалар есепке алынбай қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстың прокуратурасы мәлімдегендей, аймақта өндірісте жүріп жарақат алған азаматтардың саны азайса да, жағдайды есепке алмайтын фактілер көбейген.
«Прокуратура өндірісте жарақат алған 26 адамның ісін есепке алынбағанын анықтады. Осы 26 адамның 16-сы көз жұмған. Дәрігерлер 22 адамның жарақаты туралы хабарлама жіберсе де, тергеу жүрмеген. Ал, іс қозғалған тергеудің тәртібі бұзылған соң 8 істің шешімі жойылған», - деп хабарлайды Қостанай облысының прокуратурасы.
Сонымен қатар, азаматтардың еңбек құқықтарына қатысты 1,5 мыңнан астам өтініші толық көлемде қаралмаған. Енді облыстың прокуратурасы осы істер бойынша жұмыс бастамақ.