Шымкентте карантинге қарамастан жұмыс істеген ойынхана анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол жерде компьютерлік ойын үшін жиналған бірнеше жасөспірім болған

Шымкентте Карантин уақытында клиенттерін қабылдап, жұмыс істеп тұрған ойынхана анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz

Шаһардағы Республика даңғылы, №12 А мекенжайында орналасқан «PS4» ойынханасының адамдарды қабылдап, жұмыс істеп тұрғаны анықталды. Бұл жағдай 2 тамыз күні сағат 16:45 шамасында тексеру кезінде белгілі болды.

Бұл жайт ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабының 1-бөлігі бойынша Абай ауданы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау басқармасына заңды шешім қабылдау үшін жолданды.