Талдықорғанның айналма жолында ауыр жол апаты болды: бір адам қаза тауып, үшеуі зардап шекті

Автор: Алмас Ерсін

Жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды

instagram.com/taldykorganec_kolesa видеосынан скриншот

Талдықорғанның айналма жолында екі автокөліктің қатысуымен адам өліміне әкелген жол апаты болды. Бір адам қаза тауып, тағы үшеуі ауруханаға жеткізілді,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жол апаты туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланды. Жетісу облысының Полиция департаменті мәлімдегендей, жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Апат салдарынан бір адам қаза тауып, тағы үш адам медициналық мекемеге жеткізілді.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

«Полиция жүргізушілерді Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, маневр жасау және жол қиылыстарынан өту кезінде аса сақ болуға, қарсы бағытта келе жатқан көліктерге жол беруге және қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдауға шақырады», – деп еске салды Жетісу облысының Полиция департаменті.