Созақ ауданында жүзден астам адам карантин талаптарын бұзған
Полиция азаматтарды карантин режимінің талаптарын сақтауға шақырады
Созақтық полицейлер жүзден астам карантин талаптарын бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Түркістан облысы аумағында карантиндік режимнің ұзартылуына байланысты облыстық Полиция департаментінің полицейлері шектеу шараларын сақтау және азаматтар мен қоғамдық тамақтану, сауда орындары мен қызмет көрсету объектілерінің иелері тарапынан карантинді бұзушылықтарды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізуде.
«Созақ ауданында полиция қызметкерлерімен жүргізілген рейдтер барысында мобильдік топтар 46 карантин режимін бұзу жайтын анықтады және әкімшілік хаттама толтырылды», - делінген хабарламада.
Оған қоса Созақ АПБ қызметкерлері енгізілген карантинге қарамастан, ұйым қызметкерлерінің қатысуымен санитарлық нормаларды бұзуда жиналыс өткізген геологиялық ұйымдардың бірінің басшылығын әкімшілік жауапқа тартты.
Нәтижесінде құқықбұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, 800 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Полицейлер жергілікті тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияның таралу қаупіне және карантиндік режимді сақтау қажеттілігіне байланысты тыйым салынған жерлерде шомылуға жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.