Шымкентте карантин кезінде жұмыс істеген сауна анықталды
Сауна иесіне ірі көлемде айыппұл салынуы мүмкін
Шымкенттік полицейлер карантин талаптарын бұзып, шектеу шараларына қарамастан жұмыс істеген саунаны анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаладағы Абай ауданының полицейлері 27 шілде күні рейдтік шара жүргізіп, оның барысында карантин талаптарын бұзған бірнеше нысанды анықтаған. Олардың қатарында «Опушка» деп аталатын сауна да бар. Полицейлер аталған моншаның санитарлық талапқа да сай еместігін айтып отыр.
«Атап айтсақ, Шымкент қаласындағы 1 Мамыр көшесі бойында орналасқан “Опушка” саунасының кешкі уақытта карантин режимін бұзып, жұмыс істеп жатқаны анықталды. Оғиға орнында санитарлық талаптар өреске бұзылған. Сауна әкімшісінен түсініктеме алынып, аталған жайтқа байланысты Абай ауданының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасының қауіпсіздігін бақылау басқармасына іс-құжаттар жолданды», - делінген полиция таратқан хабарламада.