Түркістан облысында Ресейден Өзбекстанға бағыт алған көліктен оттегі концентраторлары тәркіленді
Бұл жағдай кедендік бақылау барысында анықталған
2020 жылғы 1 тамызда ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті «Атамекен» және «Қазығұрт» кеден бекеттерінде шекара қызметімен бірлесіп отырып, Ресей Федерациясынан Өзбекстан Республикасына бағыт алған «Volvo» және «MAN» маркалы 2 жүк көлігін кедендік бақылаудан өткізу барысында жүк тасымалдау құжаттарында көрсетілмеген «Respiro», «DEDAKJ», Medical oxygen concentrator «AERTI», «Armed» 7F-3L», «Oxygen concеntrator» және «Plusmed-KN01» маркалары бойынша 7 дана оттегі концентраторын анықтады.
Бұл жабдық пневмония және коронавирус инфекциясы бар науқастарды емдеуде белсенді қолданылады.
Аталған факт Департаменттің АЕК тіркеліп, ҚПК 181-бабы, 2-бөліміне сәйкес (қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз, хабар) әкімшілік жауапкершілік тарту туралы мәселені қарастыру үшін Түркістан облысы бойынша МКД жіберілді.