Ол белгіленбеген жерге суға түскен
Ақтөбеде белгіленбеген жерге суға түскен 40 жастағы ер адам өзенге батып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Оқиға орнына аудандық төтенше жағдайлар бөлімінен екі адам және үш техника жіберілді. Ол мас күйінде суға шомылған. Жанында үш адам болған. Құтқарушылар оның мәйітін үш сағаттан соң 3 метр тереңдіктен алып шықты», - деп жазылған хабарламада.
Оқиға Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласында болған. Ақтөбе тұрғыны Елек өзеніне түскен.