$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.08.2020, 22:29
Оқиғалар

Түркістан облысында түнгі уақытта жүрген 400-ден астам жасөспірім ұсталды

Облыста «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті

Түркістан облысында түнгі уақытта жүрген 400-ден астам жасөспірім ұсталды
Фото: polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 357 құқықбұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан облысының аумағында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алуға, түнгі уақытта үйден тыс жерде үлкендердің еріп жүруінсіз жүрген жасөспірімдерді анықтауға және кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстардың жолын кесуге бағытталған «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Сондай-ақ, қалалық және аудандық полиция бөлімшелерінде карантин кезінде санитарлық нормалардың талаптарын сақтай отырып, көшелерде, аулаларда және жастар көп жиналатын жерлерде түнгі рейдтер өткізу үшін бірнеше мобильдік топ құрылды. 

«Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасының үш тәулігінде ішкі істер органдарына 422 кәмелетке толмаған жасөспірімді жеткізді. Оның ішінде 1 жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Сонымен қатар, рейдтік іс-шаралар барысында тәртіп сақшылары жасөспірімдер арасында 357 құқықбұзушылықты анықтады», - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары