Түркістандық жігіт Нұр-Сұлтан вокзалында жолаушыларды алдап, ақшаларын алып отырған

Автор: Azattyq Rýhy

Ол өзіне тағылған айыптарды мойындаған

Фото: ашық дереккөзден

Көліктегі полиция департаментінің сақшылары бірнеше рет алаяқтық жасады деген күдікпен Түркістан облысының 23 жастағы тұрғынын ұстады. Ол елордадағы темір жол вокзалында жолаушылардың сеніміне кіріп, ақшаларын алып кетіп отырған деп хабарлайды Polisia.kz.

«17 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласындағы желілік полиция басқармасына 23 жастағы ер азамат арызданған. Ол бейтаныс адамның сенімге кіріп, 30 мың теңгесі мен 54 000 теңге тұратын ұялы телефонын алып кеткенін айтқан. Ал, 25 шілде күні 27 жастағы азаматша арызданып, 20 жастағы інісінен бейтаныс жігіттің 70 000 теңгесін алып кеткенін айтты. Олар да өздерінің алданып қалғанын кейін білген», - деді Көліктегі полиция департаменті басшысының міндетін атқарушы Сарықұл Жоланов.

Жедел іздестіру шаралары барысында Түркістан облысының 23 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол өзіне тағылған айыптарды мойындаған. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-тармағы (алаяқтық) бойынша іс қозғалды.

«Қазіргі таңда күдікті уақытша тергеу абақтысына қамалды. Оның басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр», - деді ол.