Түнде балалары көше кезген 252 шымкенттік ата-ана жауапқа тартылды
Олар түнгі сағат 23:00-ден кейін заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде болған
Шымкентте «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz. Шымкент қаласы аумағында шілде айының 20-31 аралығында «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
«Іс-шараның тоғыз күнінде ішкі істер органдарына 261 жасөспірім жеткізілген. Оның ішінде тоғыз жасөспірім құқықбұзушылыққа бейім санатымен есепке қойылды. Ал кәмелетке толмағандар тәрбиесіне қатысты 259 әкімшілік-құқықбұзушылық анықталды. Сондай-ақ түнгі сағат 23:00-ден кейін заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде болған 252 жасөспірім анықталып, олардың ата-аналарына ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы бойынша әкімшілік-құқық бұзушылық хаттамасы толтырылды», - делінген ақпаратта.