Қостанай облысында автобус трактормен соқтығысып, екі адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Вахталық автобустың ішінде жұмысшылар болған 

Фото: ашық дереккөзден

Қостанай облысында тас жолда автобустың қатысуымен ірі жол апаты болды, деп хабарлайды alau.kz.

Куәгерлердің айтуынша, автобус тракторға соғылған. Қоғамдық көліктің ішінде жұмысшылар болыпты.

«Екі адам қайтыс болып, үш адам жарақат алған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - деп хабарлады Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі.

Рудный қалалық ауруханасының бас дәрігері Талғат Қайкенов медициналық көмекке 14 адамның жүгінгенін, оның екеуі ауыр халде жатқанын айтты.