28.07.2020, 22:22
Оқиғалар
Көкшетауда 50 жастағы ер адамды кафеде танысқан «жаңа досы» тонап кеткен
Келтірілген шығынды ол 220 мың теңге деп бағалады
Көкшетау тұрғынын үйіне кіре берісте жаңа танысқан танысы тонап кеткен деп хабарлайды Polisia.kz. 50 жастағы ер адам әмиянындағы ақшасы мен банк карточкасының және құжаттарының қолды болғанын айтып полицияға шағымданған.
Тергеу барысында белгілі болғаны, жәбірленген азамат сол күні дәмханада жас жігітпен танысып, екеуі спирттік ішімдік ішкен. Әбден мас болған соң күдікті жәбірленушіні үйіне шығарып саламын деп, подъезге келгенде қалтасындағы әмиянын алып кеткен.
Шұғыл іздестіру барысында полицейлер 31 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ол бұған дейін де осындай қылмысы үшін сотталған екен. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды