Тағы 260 адам жол ережесін өрескел бұзып, жазаланған
Қазақстанның ішкі істер министрлігі 11-16 шілде аралығында «Қауіпсіз жол» рейдін өткізіп, заң бұзған жүргізушілерді жаппай жазалаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сондықтан, Қазақстан бойынша бақылау күшейіп, патрульдердің саны көбейген.
«Алғашқы үш күн ішінде 22,5 мыңнан астам адам жол ережесін бұзған. Оның ішінде: көлік құралын мас күйде басқарған 300 адам, жолдың қарсы жолағына шыққан 260 адам, жолаушыларды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзған 854 адам; жолаушыларды заңсыз тасымалдаған 139 көлік, оның ішінде 60-тан астамы такси жүргізушісі анықталды», - деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.
Осы көлік иелерінің арасында 1,5 мың көлік айып тұрағына қойылған.