Алматыда көрші тұрған екі кафе түнде жұмыс істеген
Бұл мейрамханаларда 100-ге жуық адам көңіл көтеріп жатқан

Алматыда жапсарлас орналасқан екі дәмхана түн жарымында қонақ қабылдап, қызмет көрсеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Түнгі рейд кезінде «Веселидзе» кафесінде - 30 қонақ, ал қабырғаның ар жағындағы «Баку бульвары» дәмханасында 60 адам көңіл көтеріп жатқаны анықталған.
«Мейрамхана иелеріне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық амандығы саласындағы заңнама талаптарын және гигиеналық нормативтерді бұзу» бабы бойынша хаттама толтырылды. Жиналған әкімшілік материалдар шешім қабылдау үшін Алмалы ауданының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданады», - деп жазылған хабарламада.