Түркістан облысында шомылу маусымы басталғалы 16 адам суға кеткен

Автор: Azattyq Rýhy

ТЖК тыйым салынған орындарда шомылмауды ескертеді

Фото: otyrar.kz

Түркістан облысында шомылу маусымы басталғалы 16 адам суға кеткен, оның ішінде 3 жасөспірім бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

«Түркістан облысында Сырдария өзенінде екі күнге жалғасқан іздестіру жұмыстардың нәтижесінде құтқарушы-сүңгуірлер 25 шілдеде 2004 жылы туған жасөспірімнің денесін судан шығарып, туыстарына табыстады. Сол күні 25 шіледеде сағат 19.20-да құтқарушылар Төлеби ауданында да суда іздестіру жұмыстарын жүргізді. Қасқасу елді мекені «Сайрам-Өгем» табиғи ұлттық саябағының аумағынан өтетін Сайрамсу өзеніне батып кеткен Қырғызстан Республикасының азаматшасының денесін судан алып шықты», - деп жазылған хабарламада.

Осыған байланысты ТЖК балаларды қараусыз қалдырмауды және тыйым салынған орындарда шомылмауды, суға түсу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді.