$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.07.2020, 17:22
Оқиғалар

Қостанай облысында бала өлімімен аяқталған жол апатының видеосы жарияланды

Жол көлік оқиғасы салдарынан тағы бір кішкентай бала жарақат алды

Қостанай облысында бала өлімімен аяқталған жол апатының видеосы жарияланды

Қостанай облысында полицияның қызметтік көлігі мен ВАЗ-2115 автокөлігінің соқтығысуынан 4 жасар баланың қайтыс болғанын бұған дейін жазған болатынбыз. Аталған оқиғаны видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды.

Оқиға 25 шілде күні Қостанай-Рудный тас жолының бойында болған. Облыстық Полиция департаменті хабарлағандай, полиция инспекторы өзге жол апатына асығып бара жатып, ВАЗ-2115 көлігіне соқтығысқан және аударылған. Апат салдарынан 4 жасар бала оқиға орнында қайтыс болды. «Жигулиде» болған тағы бір бала (12 жас) дене жарақаттарын алған.

«Қазір жол апаты бойынша қызметтік тексеру жүріп жатыр. Патруль көлігі жол үстінде дабыл белгісін қосып жүрген. Полиция жол апаты болған жерде орналасқан «Арагви» дәмханасының бейнебақылау камерасы арқылы оқиғаны зерттеп жатыр», - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі маманы Кенже Қонысбай.

Серіктес жаңалықтары