Алматыда карантин кезінде жұмыс істеген екі кафе анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Алматы полицейлері карантиндік шектеулерге қарамастан жұмыс істеуін жалғастырған екі кафені анықтап, жапты деп хабарлайды Polisia.kz.

Дәмханалардың екеуі де Алмалы ауданындағы Шевченко көшесінің бойында қатар орналасқан. Тексеру барысында «Веселидзе» кафесінде 30 адамның демалып отырғаны анықталса, «Бакинский бульварда» 60-қа жуық адам ас ішіп, көңіл көтерген.

«Осы мекеме басшыларына қатысты ҚР ӘҚбК-нің 425 бабына сәйкес әкімшілік іс жүргізу материалдары жиналды. Шешім қабылдау үшін материалдар Алмалы ауданы бойынша УККБТУ-ге, юрисдикцияға сәйкес беріледі», - делінген аталған хабарламада.