Астанада газ таситын көлік өртенді

Автор: Алмас Ерсін

Өрт Өндіріс көшесінде болған. Құтқарушылар жалынды дер кезінде ауыздықтап, зардап шеккендерге жол бермеді

Фото: ҚР ТЖМ

Астананың Байқоңыр ауданында газ таситын көлік өртенді. Оқиға Өндіріс көшесінде болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқарушылар оқиға орнына жеткен кезде көлік ашық жалынмен жанып жатқан. Сондай-ақ өрт жақын маңдағы құрғақ шөпке де таралған.

Өрт сөндірушілер тілсіз жауды жедел оқшаулап, толықтай сөндірді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Тегтер: