36 жастағы тұрғын суға шомылу кезінде көпірден секіріп, аяғын жарақаттаған. Құтқарушылар оны қайықпен жағаға шығарып, дәрігерлерге тапсырды
Өскеменде суға шомылу кезінде жарақат алған ер адамға құтқарушылар көмек көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ-нің Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Оқиға Абай даңғылында болған. 36 жастағы ер адам шомылып жүріп көпірден суға секірген кезде аяғын жарақаттап алған.
Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері жедел жеткен. Құтқарушылар резеңке қайықпен зардап шеккен адамға жетіп, оны жағаға шығарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға және өміріне қауіп төндіретін әрекеттерге бармауға шақырды.