Астана маңындағы жантүршігерлік апат: үш көлік соқтығысып, бес адам қаза тапты

Ақмола облысындағы Астана – Қорғалжын тасжолында болған жол апатынан бес адам көз жұмып, тағы бес адам ауруханаға жеткізілді. Toyota маркалы екі көлік өртенген

Астана маңындағы жантүршігерлік апат: үш көлік соқтығысып, бес адам қаза тапты
Фото: instagram.com/716.kz

Ақмола облысында Астана – Қорғалжын тасжолында үш көлік соқтығысып, бес адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, 21 маусым күні Астана – Қорғалжын автожолында Kia, Toyota Fortuner және Toyota Land Cruiser маркалы көліктердің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болған.

Соқтығыс салдарынан Toyota маркалы екі көлік өртеніп кеткен.

Алдын ала мәлімет бойынша, жол апатынан бес адам көз жұмып, тағы бес адам түрлі жарақат алып, медициналық мекемелерге жеткізілген.

Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.