Марқұм болат балқыту пешінде жұмыс істеп жүрген
Рудныйдағы «ERG Service» ЖШС-нің жөндеу-механикалық металл илеу зауытында жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі tobolinfo басылымына сілтеме жасап.
Компанияның ресми мәліметінше, қайғылы оқуға 19 маусымда электрлі болат балқыту цехында болған. Болат балқыту пешінде технологиялық жұмыс жүргізіп жүрген шахтер жарақат алып, қайтыс болған.
Өндірістегі төтенше жағдай туралы мемлекеттік және қадағалаушы органдарға дереу хабарланған.
«Қазіргі уақытта арнайы комиссия құрылып, оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары басталды», - делінген компания хабарламасында.
«ERG Service» ЖШС басшылығы мен ұжымы қаза тапқан қызметкердің отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтты. Кәсіпорын басшылығы марқұмның отбасына заңнамаға және ұжымдық шартқа сәйкес барлық қажетті материалдық және әлеуметтік көмек көрсетілетінін мәлімдеді.