19.06.2026, 15:39
Оқиғалар
Шахтинскіде екі зейнеткер құдыққа түсіп кетті
Олар қазір ауруханада жатыр
Фото: скриншот
Шахтинск қаласында құдыққа құлап кеткен екі ер адамды құтқарушылар алып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға Парковая көшесінде орналасқан дүкендердің бірінің аумағында болған. 1957 және 1960 жылы туған екі азамат аумақты тазалап жүріп абайсызда терең құдыққа түсіп кеткен.
«Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ құтқарушылары арнайы құралдардың көмегімен зардап шеккендерді «септиктен» шығарып алды. Олар бірден жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды», – делінген ресми хабарламада.
Жедел жәрдем қызметкерлері зардап шеккен азаматтарды Шахтинск қаласының орталық ауруханасына жеткізді. Қазіргі уақытта олар дәрігерлердің бақылауында.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды