Қазақстанда алдағы айдан бастап тауарлық газ бағасы 33 пайызға қымбаттайтын болды

Министрлік өкілінің сөзінше, тұтынушыларға газ бағасына алаңдауға негіз жоқ 

Қазақстанда алдағы айдан бастап тауарлық газ бағасы 33 пайызға қымбаттайтын болды
Фото: Freepik

Қазақстанда шілденің басынан бастап тауарлық газдың орташа бағасы шамамен 33%-ға өседі. Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев мұны газ инфрақұрылымын жаңарту және алдағы жылыту маусымын уақытылы әрі сапалы өткізу үшін қажетті шара деп түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министрлік өкілі тұтынушылар үшін газ бағасының негізсіз өсуіне жол берілмейтінін жеткізді. Ол мәселе министрліктің тұрақты бақылауында екенін айтты.

EnergyProm.kz сарапшыларының 2026 жылдың алғашқы төрт айында Қазақстанда газ өндіру 12,6%-ға қысқарғаны туралы дерегіне түсініктеме бере отырып, Қайырхан Тұтқышбаев төмендеу үрдісінің болғанын растады.

«Иә, алғашқы төрт айда газ өндіру көлемі кейбір техникалық ақауларға байланысты төмендеді. Бұл Теңіз кен орнында және басқа да бірқатар кен орнында болған жағдайлармен байланысты. Алайда бұл төмендеу халықты газбен қамтамасыз етуге әсер еткен жоқ. Себебі «QazaqGaz» операторы ішкі тұтынуды транзиттік газ есебінен қамтамасыз етті», - деді ол.

Сонымен қатар, Қазақстанның солтүстік өңірлерін газдандыру жобасы бойынша «QazaqGaz» бен «Газпром» арасындағы тиісті меморандум аясында жұмыс жүріп жатыр.

Вице-министрдің айтуынша, жыл соңына дейін жобаның негізгі техникалық және коммерциялық детальдары белгілі болады. Жоспар бойынша 2030 жылға қарай солтүстік аймақтарға газ беріледі.

Мақалада
#газ #газ тарту