15.06.2026, 02:17
Оқиғалар
Медеуге шыққан бойжеткеннің жағдайы күрт нашарлаған – оны құтқарушылар аман алып қалды
3000 метр биікке шыққан қыз көмек шақыруға мәжбүр болған
Фото: ТЖМ
Алматы қаласының құтқарушылары 3000 метр биікке шығып, жағдайы күрт нашарлаған бойжеткенге көмекке келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Алматы қаласының Медеу ауданында, «Шымбұлақ» тау-шаңғы кешенінің Комби-2 аумағында (3200 м биіктікте) 2001 жылы туған қыздың жағдайы нашарлағаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына Құтқару қызметінің кезекші тобы мен бригадасы келді. ТЖД Құтқару қызметінің мамандары бойжеткенді «Шымбұлақ» кешенінің автотұрағына дейін эвакуациялады», - деп хабарлайды ТЖД.
Төменге түскен соң оның жағдайы жақсарып, ауруханаға жатудан бас тартқан.
Көп оқылған
01.11.2026, 06:38
Вакцинасы жоқ қауіпті вирус: Конгода әлемді алаңдатқан індеттен 5 мыңнан астам адам қайтыс болды
01.11.2026, 07:19
Қазақстанда 1 қарашаға дауылды ескерту жарияланды: үсік, қар және қатты жел күтіледі
01.11.2026, 11:05
Көлігіне бейәдеп сөз жазған Астана тұрғыны 10 тәулікке қамауға алынды
01.11.2026, 08:29
Астанада мектептегі жиналыстан кейін мұғалім ауруханаға түсті
01.11.2026, 10:02
Мемлекет басшысы Алжир президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды