14.06.2026, 21:13
Оқиғалар
Талғар өзеніне үш баласымен шомылып жүрген әйел қиын жағдайға тап болды (ВИДЕО)
Олар өзеннің ортасындағы кішкене аралдан жағаға шыға алмай қалған
Фото: скриншот
Алматы облысы ТЖД қызметкерлері Талғар өзеніндегі аралдан бір әйел мен үш баласын құтқарып алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ таратқан видеоға қарасақ, әйел балаларымен шомылып жүріп, аралға жеткен. Алайда, жағаға шығарда, өзеннің ағысы күшейіп, жете алмай қалған.
«Оқиға орнына келген құтқарушылар карабин мен өрт сөндіру белдігі арқылы құтқару арқанын бекітіп, өзен арқылы қауіпсіз өткел жасаған. Осылайша, құтқарушылар 13 минут ішінде әйел мен оның үш баласын аман-есен жағаға алып шыққан», - деп хабарлайды ТЖМ.
Көп оқылған
01.11.2026, 06:38
Вакцинасы жоқ қауіпті вирус: Конгода әлемді алаңдатқан індеттен 5 мыңнан астам адам қайтыс болды
01.11.2026, 07:19
Қазақстанда 1 қарашаға дауылды ескерту жарияланды: үсік, қар және қатты жел күтіледі
01.11.2026, 11:05
Көлігіне бейәдеп сөз жазған Астана тұрғыны 10 тәулікке қамауға алынды
01.11.2026, 08:29
Астанада мектептегі жиналыстан кейін мұғалім ауруханаға түсті
01.11.2026, 10:02
Мемлекет басшысы Алжир президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды