«Жаз емес, қыста демалып жүргендейміз»: Бурабайда нөсер мен бұршақ жауды (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Демалыс күндері Бурабайға барып демалған азаматтар әлеуметтік желіге видеоларын жүктеп жатыр

Фото: скриншот

Кеше, 13 маусым күні кешке жақын Бурабайда қатты жаңбыр жауып, арты бұршаққа ұласқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Ақмола облысының тыныс-тіршілігінен ақпарат тарататын блогер Александр Клименко жариялаған видеоға сүйенсек, Бурабайдағы орман іші «ақ қарға» оранып, әдемі көрініс орнаған.

Бұл видео қазір әлеуметтік желіде қатты таралып, халық әртүрлі пікір жазып жатыр. Кейбір адамдар «жазда демалуға келіп, қыста демалып жүргендей күй кештік» деген пікірлерін жазған.

Ал, Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаменті мен «Қазгидромет» Ақмола облысында нөсер жауып, күн күркірейтінін және бұршақ жауатынын ескерткен еді.