13.06.2026, 22:57
Оқиғалар
Рудный қаласында 1,5 ай бұрын жоғалып кеткен ер адамның денесі қамыс арасынан табылды
Марқұм 38 жаста еді
Фото: pixabay
Осыдан бір жарым ай бұрын, 1 мамыр күні Қостанай облысы Рудный қаласында жоғалып кеткен 38 жастағы ер адамның мәйіті Тобыл өзенінің жағасындағы қамыстан табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Жақындары ер адамның жоғалғаны туралы арызды мамыр айының басында полицияға өтініш жазған.
Арыз түсе сала облыстың полициясы мен құтқарушылары оны іздеуге кіріскен. Бірақ, бір жарым ай бойы полицияның жұмысы нәтиже бермеген.
Рудный қаласының маңындағы өзен-көлдердің жағасын тексере келе, ер адамның мәйітін қамыс арасынан тапқан. Қазір өлімнің себебі анықталып жатыр.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 09:00
Үй саламын деп елден 4 млрд теңге жинап алған, Ақтөбедегі жантүршігерлік жағдай: демалыс күндері ел назарын аударған оқиғалар
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды