Астанада екі бөлмелі жер үйдің түгі қалмай өртеніп кетті (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Абырой болғанда, жараланғандар жоқ

Фото: istockphoto.com

Астана қаласындағы Сарыарқа ауданында екі бөлмелі жер үй өртеніп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, үйдің қабырғасы мен шатыры толық жанып кеткен.

«Бүгін Астана қаласының 112 пультіне Сарыарқа ауданындағы Домбыралы көшесінде орналасқан екі пәтерлі тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер ғимараттың шатыры мен қабырғаларының жанғанын анықтады», - деп хабарлайды ТЖМ.

Өрт сөндірушілер алпыс шаршы метр аумақтағы өртті толық сөндірген. Зардап шеккендер жоқ.