Көкшетаудағы үйге найзағай түсіп, өрт шықты

 

  • Өрт сөндірушілер жалынның көрші ғимараттарға таралуына жол бермеді
Көкшетаудағы үйге найзағай түсіп, өрт шықты
Фото: ҚР ТЖМ

Көкшетауда найзағай түскеннен кейін жекеменшік тұрғын үй өртенді. Оқиға 13 маусым күні болғанын ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алдын ала мәлімет бойынша, найзағай үйдің шатырына түсіп, соның салдарынан бірден өрт шыққан. Жалынның көрші ғимараттарға таралу қаупі болған.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер жедел жетті. Құтқарушылардың үйлесімді әрекетінің арқасында өрт қысқа уақытта оқшауланып, жалынның жақын маңдағы нысандарға таралуына жол берілмеді.

ТЖМ мәліметінше, өрт 120 шаршы метр аумақта толық сөндірілді.

«Өрт 120 шаршы метр аумақта толықтай сөндірілді. Қауіптің айтарлықтай болғанына қарамастан, зардап шеккендер жоқ», – деп мәлімдеді ведомство.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. ТЖМ өкілдері өрт сөндірушілердің кәсіби әрекетінің арқасында ауыр зардаптардың алдын алып, көрші нысандарды оттан аман сақтап қалғанын атап өтті.

Ауа райының құбылмалы болуына байланысты құтқарушылар қазақстандықтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға және найзағай кезінде барынша сақ болуға шақырды.